30 Мамыр 2019
140

АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАР, КЕНТТЕР МЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ДЕРБЕС БЮДЖЕТТІҢ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТІ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

 

    2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық саны 2000 және одан да аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтерде дербес бюджетін және коммуналдық меншікті енгізу жоспарлануда.

 

    Аталған мәселелерді пысықтау мақсатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Нұрасылова Алмагүл, бөлім басшылары Бекжанова Жанар мен Аманжолова Ғалия, мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы Ермаханов Қанат, қаржы басқармасының бөлім басшылары Ердіғалықов Нұрланбек мен Жаңабаева Қарлығаш және мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Ысқақов Алмат ауданға іс-сапармен келді.

 

    Арнайы келген мамандар мен аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің, аудандық қаржы бөлімінің, аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшылары және барлық ауылдық округ әкімдері мен есепшілерінің қатысуымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында  көшпелі семинар өткізілді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов жүргізді.

 

    Мәжіліс барысында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтерде дербес бюджеттің және коммуналдық меншіктің енгізілуі жөнінде өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, қатысушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.