28 Маусым 2019
256

АРАЛДА МӘСЛИХАТТАРДЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

 

    Арал ауданында ұйымдастырылған мәслихаттардың 25 жылдық шарасы одан әрі тағлымды шарамен жалғасын тапты. Халық пен билік арасындағы алтын көпір бола отырып, өздерінің өкілеттік шеңберінде талай-талай өзекті мәселелерді, қиын түйткілдерді, қордаланып қалған проблемаларды шешуге зор үлес қосып келген халық қалаулылары аудан жастарымен кездесті.

    Еркін форматта өткен басқосуға аудандық мәслихаттың хатшысы Д.Мадинов бастаған бір топ депутаттар және бірқатар облыс пен аудандардан келген қонақтар қатысты. Келелі кездесу барысында алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов халық қалаулыларын ширек ғасырлық мерейтойымен құттықтап:

    - «Бүгінгі таңда әр деңгейдегі мәслихаттар халық пен билік арасын берік жалғап, өңірдің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған істерді келісе атқаруға арналған ашық алаңға айналды. Осы ретте, жергілікті атқарушы билік пен тұрғындар арасында дәнекерге айналып, оңы мен солы сараланған кесімді шешім шығару, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мүмкіндіктерді мүлт жібермеу бағытында  аудандық мәслихат депутаттарының еңбегі ұшан-теңіз»,- деп ерекше тоқталып өтті.

    Одан әрі кездесуде модераторлық еткен аудандық мәслихат депутаты Ә.Ізбасаров жастарға аталмыш шараның маңызы мен мақсатын түсіндіріп өтті. Шара барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.