12 Тамыз 2019
103

ЖАСТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

    Бүгін Орталық алаңда 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай мерекелік концерт өткізілді.

    Аталған шарада аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Әлібек Ізбасаров барша жастарды мерекелерімен құттықтап, «Қазақстанның құрметті азаматы» атанған Шайхислам Мағауияұлына арнайы марапатын, ҚР Президенті сайлауындағы үгіт-насихат жұмыстарында белсінділік танытқан Әнуар Тоқтамысұлына ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Алғысын және Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан, ауданның қоғамдық-саяси шараларына атсалысып жүрген белсенді жастарға аудан әкімінің Алғысын табыстады.

    Мерекелік кешті жүргізген "Арал-АС" тобының жетекшілері Ақылбек Іскендіров пен Данияр Бекжанов жастарға керемет көңіл сыйлады.

    Кеш барысында жиналған жастар арасында түрлі ойындар өткізіліп, ауданның жас өнерпаздары жиналған қауымға әсем әндерін арнады. Мерекелік шара жастардың би кешіне ұласты.