28 Тамыз 2019
85

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

    Ағымдағы жылдың 1 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында республикамыздың барлық өңірінде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылуда. Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік бағыттағы бұл бастамасы ауданда «Жүректен жүрекке» ұранымен өткізілуде.

    Акцияның мақсаты – балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бара алмауының алдын алу және аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету.

    Бүгін аудандық мәдениет үйінде өткен «Мектепке жол» акциясына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысты.

    Аудан басшысы өз сөзінде аталмыш қайырымдылық шарасының маңыздылығына тоқталып, балалардың мектепке баруына қажетті жағдай туғызып, көмек қолын созған азаматтарға ризашылығын жеткізді.

    Бүгінгі өткізілген акция барысында 126 оқушыға сөмкелер мен қажетті оқу-құралдары үлестірілді.

    Биылғы оқу жылы қарсаңында аталған акция аясында мекеме ұжымдары мен жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 960 оқушы оқу-құралдарымен қамтамасыз етілді. Акция қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.