28 Тамыз 2019
181

ӘКІМДІК ЖӘНЕ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

    Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалық етуімен әкімдік  және аппарат мәжілісі өтті.

    Әкімдік мәжілісінде үш мәселе қаралды.

    Жиында алдымен  аудан әкімінің орынбасары Рүстем Баймырзаұлы сөз алып, 2017-2019 жылдарға арналған жол картасының орындалуы туралы баяндады.

    Күн тәртібіндегі екінші мәселе 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Мерей Маманбайұлы хабарлама жасады.

    Одан соң 2019 жылы аудан әкімінің тұрғындармен өткен есепті кездесуінде көтерілген мәселелердің орындалуы жөнінде аудан  әкімі аппаратының  басшысы Нұрмұхаммед Омарұлы баян етті.

Баяндамашылар аталған мәселелердің орындалу барысындағы кемшіліктерге тоқталып, аудан басшысына өз ұсыныстарын жеткізді.

    Жиын әрі қарай аппарат мәжілісіне ұласып, онда екі  мәселе қаралды.  Күн тәртібінің бірінші мәселесі орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы аудан  әкімі аппаратының  басшысы Нұрмұхаммед Омарұлы баяндады.

    Одан кейін 30 тамыз – Конституция күнін және 1 қыркүйек -  білім күні мерекелерін ұйымдастыру жұмыстарының барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Бектемір Ұлыбекұлы өз баяндамасында тоқталып өтті.

    Мәжіліс соңында аудан әкімі  аудандық  тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің Тасқынбаев Амантайға «Қызылорда облысының автокөлік саласының құрылғанына 80 жыл» мерекелік төсбелгісін табыстады.

    Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.