29 Тамыз 2019
87

«ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

 

    Бүгін ҚР Конституциясы күні мерекесі қарсаңында аудан орталығынан «Құқықтық қызмет көрсету орталығы» ашылды.

    Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, орталықтың атқарар қызметінің маңыздылығына тоқталып, жұмысына сәттілік тіледі.

    Одан соң аудан прокуроры Асхат Тәженов сөз алып, көпшілікті жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады.

    Тұңғыш Президентіміз-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам-Ұлт жоспары» талаптарын орындау және халық пен билік арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында ашылған орталықта прокуратура және басқа да құқық қорғау органдары мамандарының, сот орындаушыларының медиаторлардың қызметі көрсетіледі.

    Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері сапалы әрі жедел қаралып, қайталама арыздарды, әуре-сарсаңды болдырмау, пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, халыққа қажетті түсіндірме беру, сапалы құқықтық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілетін болады.