31 Қазан 2019
26

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

 

Бүгін аудан әкімі М.Оразбаев «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы ғимаратындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Аудан басшысының қабылдауына аудан бойынша он төрт тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Қабылдауға келгендердің дені жұмыссыздық мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғындар жер, үй және әлеуметтік мәселесімен жүгінді.

Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берді. Сонымен қата, бірқатар жұмыс сұраушыларға бүгінігі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.