02 Қараша 2019
27

АУДАНДЫҚ ҚОРҒАНЫС БӨЛІМІНІҢ ҒИМАРАТЫНДА ӨРТ ШЫҚТЫ

Бүгін сағат 17:47-де аудандық өрт сөндіру бөліміне Арал аудандық қорғаныс істері бөлімі ғимаратының жоғарғы қабатынан өрт шыққандығы жөнінде ақпарат келіп түскен. Өрт сөндіруге арнайы екі құрамдағы отыздан астам өрт сөндіруші оқиға орнына 17:50-де келіп жетіп, нысанның шатырын ашу жұмыстарын жүргізіп, тиісті шараларды қабылдады.

Белгілі болғандай, зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда оқиға орнына аудан әкімі М.Оразбаев, салаға жетекшілік жасайтын аудан әкімінің орынбасары, тиісті сала қызметкерлері келіп, жағдайды қатаң бақылауға алды.