28 Қараша 2019
48

ЖЕДЕЛ МӘЖІЛІС ӨТКІЗІЛДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан бойынша жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан орын алған жағдайларға байланысты жедел мәжіліс өткізілді. Аудан әкімі М.Оразбаевтың төрағалығымен өткен жиынға ауданға қарасты қала, кент, ауылдық округ әкімдері, жергілікті полиция басшысы, білім беру ұйымдарының басшылары, балабақша (жеке) меңгерушілері және БАҚ өкілдері қатысты.

Мәжіліс барысында аудан басшысы аудан бойынша жол-көлік оқиғаларының жиілеу салдарынан қайғылы жағдайлардың орын алып отырғандығын атап өтті.
Осы тұста, балаларды тәрибелеу мен сапалы білім беру – біздің басты міндеттеріміз болса, балаларды тәрбиелеумен қатар олардың қауіпсіздігіне де тікелей жауапты екендігімізді ұмытпау қажет екендігін жеткізді.

Мәжіліс қорытындысымен бірқатар қызметкерлерді сынға алып, жұмыс барысы нда салғырттыққа жол бермеу жөнінде қатаң ескертті.
- Қазіргі таңда, біздің аудандағы мектептер мен балабақшаларда балалардың жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын қамтамасыз етудегі іс-шараларды күшейтуіміз қажет,- деп атап өткен аудан әкімі білім беру ұйымдары мен балабақша мекемелеріне ата-аналардың немесе 18 жастан асқан отбасы мүшесіне балаларды таңертең алып келу мен кешкілік мерзімде алып кетуі жөнінде қатаң ескерту жасап, осы мәселені айрықша бақылауда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар, мектеп, балабақшаларда әр түрлі оқыс оқиғалардың алдын-алуда бейне-бақылау камераларының толық жұмыс жасауын қамтамасыз ету, балалардың мектепке келу уақыты мен қайту уақытына күнделікті жол қауіпсіздігіне кезекші жауапты мамандарды және мектеп инспекторларын бекіту жөнінде тапсырма берді.