29 Қараша 2019
66

ҚҰТТЫҚТАУ!

 

Құрметті жерлестер!

 

Баршаңызды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан ширек ғасырдан астам уақыт ішінде елімізді күллі әлем танып, мойындаған еңселі мемлекетке айналды. Еліміздің бұл жеткен жетістігі мен шыққан биігі сөз жоқ егемендігіміздің, бірлігіміз бен тұтастығымыздың беріктігін айғақтайтын айқын дәлел. Сондықтан бұл мереке – тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп келе жатқан мемлекетіміз үшін маңызы мол, тарихи тағылымы терең мейрам.

Қазақстан өзінің егемендік тарихында әлеуметтік-экономикалық, мәдени жетістіктерімен дараланып, тарихи маңызы зор құжаттарын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға қарышты қадам басуда.

Осы орайда, Елбасының Қазақстан тарихында айрықша орны бар тұлға екені қазірдің өзінде уақыт сынынан өтіп, айқындалды дей аламыз. Себебі, еліміздің барлық жетістіктері мен жеңістері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тегеурінді және дана басшылығы мен әрбір қазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегінің нәтижесінде келді.

Өздеріңізге мәлім, биыл ел тарихында елеулі оқиға орын алып, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өз еркімен мемлекет билігінің тізгінін конституциялық жолмен Сенат төрағасына беріп, биліктің сабырлы жағдайда ауысуына жағдай жасады. Бұл - Елбасының көрегенділігінің тағы бір келісті көрінісі.

Елбасы біздің Арал өңірі үшін де әркез ерекше ықыласын танытты. Елбасының қолдауымен бір кездері суы тартылып, аңқасы кепкен Арал теңізі бүгінде қайта қалпына келді. Ежелден тіршілігі теңізбен байланысқан өңір тұрғындарына ата кәсібі балық шаруашылығымен қайта қауышуға мүмкіндік жасады.

 

Қадірлі ағайын!

 

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен мемлекеттігіміздің тарихы тамырлас, президенттік институттың қалыптасу кезеңі өзектес. Біздің басты мақсатымыз – «Мәңгілік елдің» құндылықтарын қастерлеу, келешек ұрпаққа басты байлығымыз – тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың туын биік ұстап, табыстау.

Осынау мерейлі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін! Елімізі аман, егемендігіміз мәңгілік болсын!

 

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев!