29 Қараша 2019
45

АРАЛДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Бүгін аудандық мәдениет үйінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Отаным – Қазақ елі!» атты салтанатты жиын өтті.

Мерекеге жиналған қауым концерт басталмас бұрын фойеде «Елін сүйген – Елбасы» тақырыбында ұйымдастырылған Елбасының қоғамдық және саяси қызметінен сыр шертетін құнды фотосуреттер мен деректер көрмесін тамашалады.

Көрмеден соң «Тұлға, Тарих, Елбасы» атты видео прологпен басталған салтанатты шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сөз алып, аудан тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Одан әрі, 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне орай, «Nur Otan» партиясының қатарына жаңадан қабылданатын азаматтарға партия билеттерін табыстады. Сонымен қатар, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының алғыс хатымен марапаттады.

Салтанатты шара одан әрі аудан өнерпаздарының арнайы дайындаған мерекелік концертіне ұласты.