30 Қараша 2019
41

САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ – САПАЛЫ ӨМІР

Бүгін Арал ауданында «Электронды қызмет күні» аясында көрсетілетін қызметті алушылар мен қызмет көрсетуші мемлекеттік органдар арасында «Сапалы қызмет – сапалы өмір» атты тұрғындармен «meet up» кездесу өткізілді.

Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен тұрғындар арасында электрондық қызметтер алудың ыңғайлылығы мен қолжетімділігін кеңінен насихаттауды мақсат еткен шараға 180-ге жуық аудан тұрғындары қамтылды.

Аудандық мәдениет үйінің ғимаратында өткен кездесу барысында мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұранысқа ие аудандық білім, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің білікті мамандары аудан тұрғындарына egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңес беріп, кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, шараға қатысушылардың көп бөлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес, акционерлік қоғамы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы электронды цифрлы қолтаңбамен қамтылып, «egov mobile» қосымшасын жүктеп, жұмыс жасауды үйренді.