01 Желтоқсан 2019
41

АРАЛДА ҰЛТТЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕК СПОРТЫНАН АШЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ

Бүгін ауданымыздағы орталық стадионда ұлттық жекпе-жек спорт түрінен ашық турнир бастау алды.
1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай ауданымызда алғашқы рет ұйымдастырылып отырған турнирде №19 Арал ауданындық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Серік Алмағамбетов сөз алып, барша жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, жуырда ғана Ресей Федерациясы, Краснодар өлкесіне қарасты Анапа қаласында өткен «UNIFIGHT» әмбебап жекпе-жек спортынан әлем чемпионатында аралдық екі бірдей спортшымыз, ағайынды – Әліби Болатұлы мен Фараби Сауытбаев алтыннан алқа тағынып, әлем чемпионы атанғандығын атап өтті.

Биыл ауданымызда ұлттық жекпе-жек спорт түрінен І-ші мәрте өткізілгелі отырған аудандық ашық турнирге облысымыз бен Ақтөбе қаласынан 10 команда, құрамында 200-ге жуық жасөспірімдер қатысуға ниет білдіріп отыр. Жарыс 2010-2011, 2008-2009, 2006-2007 жылы туылған балалар, 2004-2005, 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында 31 келі салмақ дәрежесі бойынша өткізілетін болады.