06 Ақпан 2020
46

АЛДАҒЫ КӨКТЕМДЕ СУ ТҰШЫТУ ҚОНДЫРҒЫСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Бүгін аудан әкімі М.Оразбаев Арал қаласы, Қосарал (Жеңістің 50 жылдығы) көшесінің соңында орналасқан ұңғыма (скважина) суын тұщыландыру станциясын орнату жұмыстарымен танысты.

Су тұщыту қондырғысы орналасқан аумаққа арнай барған аудан басшысы қала әкімі Б.Махатовқа аталған станцияны ерте көктемде іске қосуды және жан-жағын қоршауды тапсырды. Атап өту қажет, аудан орталығында орнатылған су тұщыту қондырғысы жасыл екпелерді суару, көгалдандыру мақсатында қолданылмақ.