12 Наурыз 2020
36

«ХАЛЫҚТЫҚ ЗАҢГЕР» АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Арал ауданы әкімдігінің ғимаратында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру мен қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында аудан көлемінде «Халықтық заңгер» азаматтарды қабылдау акциясы өткізілді.

Аталған акция аясында, әлеуметтік, денсаулық,білім, жер, тұрғын үй қатынастары, кәсіпкерлік сала басшылары мен жергілікті блогерлердің қатысуымен жиырмаға жуық аудан тұрғындарының өтініштері тыңдалды.
Әр мәселе бойынша жауапты сала басшылары заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, аудан тұрғындарының сауалдарына орай тиісті жауаптар берілді.