16 Наурыз 2020
45

АУДАН ӘКІМІ «ARAL» ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев өткен жылы пайдалануға берілген заманауи үлгідегі төрт жұлдызды "Aral" қонақ үйінде болып, жұмысымен танысты. Аудан басшысы 4 қабатты ғимараттың жаңа үлгіде жабдықталған жатын бөлмелерін, асханасын, мәжіліс залын аралап шықты.

Айта кетейік, аталған қонақ үй «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Қазіргі таңда, қонақ үйде 33 жатын бөлмесі - оның ішінде 6 люкс, 15 стандарт, 12 екі адамдық стандарт бөлмесі, мәжіліс залы, 2 шағын кездесу бөлмесі мен жоғары қабаттарға қатынауға арналған лифт қарастырылған.
Бір мезгілде 70 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар қонақ үй тегін wi-fi желісіне қосылған.