17 Наурыз 2020
46

АРНАЙЫ ОҚШАУЛАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қазіргі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жариялаған COVID-19 коронавирусының таралуы дүниежүзін алаңдатып отыр.

Осыған орай, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Республиканың барлық аумағында төтенше жағдай жариялады. Аталған дерт біздің елімізде де тіркелді.

Соған сәйкес, Арал ауданаралық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің ғимаратында 45 төсектік провезерлік стационар және қосымша жеке аурулар бөлімшесінің 3 қабатында 50 орындық орталық ашуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аталған стационарда болып, қажетті заттармен жабдықталған, залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етілген орталықты аралап көрді.

Бұл орталықта короновирустың алғашқы белгілері анықталған жағдайда науқаспен қатар онымен байланыста болған азаматтар арнайы оқшаулауға алынып, тиісті емдеу шаралары жүргізілетін болады.