09 Мамыр 2020
70

АУДАН ӘКІМІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Сексеуіл кентіндегі Ұлы Отан соғысының ардагері Жанасов Талжан ақсақалдың отбасына барып, Жеңістің 75 жылдық мерекесімен құттықтады.

Аудандағы Ұлы Отан соғысының көзі тірі жалғыз куәгеріне ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың және облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың құттықтау хатын табыстады. Аудан басшысы сұрапыл соғыстағы майдангердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта келе, бізге бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Жанасов Талжан - 18 жасында Кеңес әскері қатарына шақырылып, Ақмола қаласында бір ай дайындықтан өтіп, майдан шебіне жіберілген.
1942 жылдан бастап 1945 жылдың тамыз айына дейінгі мерзімде алдымен 1-Украина майданында, соңынан 4-Украина майданында жаяу әскер жауынгері болған.

Өз кезегінде Талжан ақсақал мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлықтарына ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ батасын берді.