10 Маусым 2020
78

"ҚАРУ" ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

Аудан көлеміндегі заңсыз айналымдағы атыс қаруларын анықтау және тіркеуде тұрған қарулармен жасалатын қылмыстардың алдын-алу, сонымен қатар сақталуына, пайдаланылуына және тасымалдануына тексерулер жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 11-13 маусым күндері аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізіледі.
Қару - иелерінің тұрғылықты тұратын жерінде еденге немесе қабырғаға берік бекітілген, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 мм болатын және есігінде ішкі құлпы бар металл шкафта (сейфте) сақталады. Қаруды тұрғын бөлмелердің қабырғаларына ілуге жол берілмейді. Қалалық елді мекендерде азаматтық қару иесінің тұрақты тұратын жері (пәтер, жеке үй) электр желісіне және қосалқы электрмен қоректендіру көзіне тұрақты үй-жайларды күзетудің сертификатталған жүйесімен (дабыл сигналын меншік иесінің немесе оның отбасы мүшелерінің ұялы телефонына немесе күзет ұйымына беру мүмкіндігі бар сигнализация) жабдықталады. Қаруды иесінің тұрақты тұратын жерінен тысқары жерлерде (жеке үй, пәтер, бақтағы, саяжайдағы үй, гараж, монша, балкон, лоджия, сарай, вагон, лашық, шатыр), сондай-ақ фермерлік және шаруа қожалықтарында, туысқандарында, таныстарында сақтауға жол берілмейді. Қару иесі ұзақ уақыт (үш айдан астам) болмаған кезеңде (іссапар, демалыс, емделу, әскери қызмет өткеру) қару иесінің тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына қару уақытша сақтауға тапсырылуы қажет. Қару иелері көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы және 486-баптары бойынша әкімшілік шара көрілетіні ескертіледі.
Құжаты жоқ әкесінен, атасынан мұраға қалған немес тауып алынған атыс қаруларын ерікті түрде тапсырған жағдайда қылмыстық немес әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтындығы ескеріледі.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 476, 477, 478, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық қару иелерімен бір жыл ішінде қайталанып жасалған жағдайда және ҚР Қылмыстық кодексінің 109, 287, 289, 379, 389 баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 73, 436, 453 және 461-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар қару иелері тарапынан жасалған уақытта, қару иесінің қару ұстауға қолданысы тоқтатылады.
Арал АПБ-нің Азаматтық және қызметтік
қару айналымын бақылау тобы.