12 Маусым 2020
93

АРАЛДА ТАҒЫ 11 АДАМ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Аралда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан 11 науқас жазылып, ауруханадан шығарылды.
Айта кетейік, бүгінге дейін ауданымызда коронавирусқа шалдыққан науқастар саны 52 болса, қазіргі таңда оның 48-і жазылып, үйлеріне қайтарылды.
Бүгінде аудандық жұқпалы аурулар бөлімшесінде 3 науқас, үй жағдайында симптомсыз 1 науқас ем алуда. Сонымен қатар, карантиндік стационарда 5 адам, провизорлық стационарда 3 адам медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында.