Бүгін: 27 мамыр 2017 жыл, (04:40)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

Орындалуы

«100  нақты  қадам» Ұлт жоспарын іске  асыру жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарының Арал  ауданында  орындалу  барысы  туралы АҚПАРАТ

«100  нақты  қадам» Ұлт  жоспарын  іске  асыру жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарында барлығы 135  тармақ қаралған,  оның  ішінде  ауданға  тиесілі 32 тармағы бойынша төмендегідей  жұмыстар атқарылды:

1 тармақ  бойынша.

Арал  ауданы  бойынша бүгінгі  таңға дейін бос  лауазымдарға 11  ішкі және 16 жалпы конкурстар  өткізілді. Ішкі және жалпы конкурстардың нәтижесімен 27 мемлекеттік қызметші жұмысқа қабылданды. Осы конкурстардың ашықтылығы  мен  объективті  өткізілуі  аудан  әкімі  аппараты тарапынан  бақылауға алынған.

Жоғарыда  аталған  конкурстардың  ашық  және  әділ өткізілуіне  бақылаушы  ретінде  аудандық  депутаттар,  үкіметтік  емес  ұйымдар және бұқаралық  ақпарат  құралдарының  өкілдері қатыстырылуда

6-7 тармақтар  бойынша.

Аудан  әкімдігінің  ресми  веб-порталында  мемлекеттік  қызметтің  оң  имиджін  қалыптастыруға бағытталған  ақпараттар тұрақты  түрде  жарияланып  келеді. Жыл  басынан  бері  жергілікті  бұқаралық  ақпарат  құралдарында мемлекеттік  қызметшілердің  және  мемлекеттік  қызметтің  оң имиджін  қалыптастыруға бағытталған 4 мақала  жарияланып, халық  көп  шоғырланған орындарда 6  билборд  орналастырылды.

9 тармақ  бойынша.

2016 жылдың 14 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша  департаментінің Батыс аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің бас маманы Ә.Жолекешовтің хабарлауымен «Мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы» тақырыбында кездесу жиналысы өтті.

2016 жылдың 24 ақпан айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Әдеп кеңесі хатшылығының меңгерушісі Б.Байхожаев және осы департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ә.Жолекешовтың қатысуларымен «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары» жайында кездесу жиналысы өткізілді.

2016 жылдың 20 маусымында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Б.Байхожаевтың, осы Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ә.Жөлекешов пен мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының бас маманы М.Байқуатованың және Қызылорда облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Д.Мырзалиевтың қатысуларымен мемлекеттік қызмет туралы, мемлекеттік қызмет көрсету және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде аудан бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында семинар өткізілді.

2016 жылдың 25 шілдесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментнің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ғ. Ілкібаев, осы департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ә. Хожбанова және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы А. Ахановтардың қатысуымен Аралқұм ауылдық округі, Қамыстыбас ауылдық округі және Ақирек ауылдық округтеріне барып мемлекеттік қызметшілер және тұрғындар арасында семинарлар өткізіледі.

10 тармақ бойынша.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі, яғни мемлекетік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары аудан әкімдігі ғимаратында баршаға көрінетін жерде (бірінші қабатта фойеде) екі тілде (қазақша, орысша) орналастырылған. Және де Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат көрсетілген. Аудан әкімдігіне қарасты барлық дербес бөлімдер мен ауылдық округтерінің ғимараттарында Әдеп кодексінің мәтіні екі тілде, Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпаратпен қоса орналастырылды.

11 тармақ бойынша.

Аудандық «Толқын» газеті бетінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алуды насихаттау мақсатында «Құқықтық ақпарат», «Құқықтық түсіндіру», «Құқықтық қағида»,  «Құқықтық  оқу», «Құқықтық кеңес», «Заң және заман», «Құрық»  тақырыбындағы айдарлар тұрақты жұмыс жасайды. Жоғарыда аталған айдармен 2016 жылы 32 мақала жарияланып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің 3 сұқбаттары, 1 заңи тұрғыда кеңестері және пікірлері жарияланды. Осы ретте, аудан әкімінің төрағалығымен сыбайластың алдын алу, жолын кесу, болдырмау мақсатында аудан әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның жоспарлы 1 отырысы өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Арал қаласындағы және кенттер мен ауылдық округтердің орталық көшелеріне 6 билборттар ілінді.

Үстіміздегі жылдың 20 сәуірінде Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы қызметкерлерінің қатыстырылуымен «Мемлекеттік қызметшілерді жаппай құқықтық оқыту» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған семинарға аудандық дербес бөлімдер мен аудан, қала, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатыстырылып, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау, «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері мен талаптары», «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және басқару тәсілдері» және «Жаңа Еңбек кодексі – еңбек қатынастарын реттеудің жаңа моделі» тақырыптары кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, 2016 жылға аудан әкімі жанындағы құқықтық түсіндіру жұмысы,  құқықтық мәдениет деңгейін  арттыру, азаматтарды  құқықтық оқыту мен тәрбиелеу  мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда жыл басынан қолданысқа енгізілген жаңа заңдар талқыланып, түсіндірілді.

12 тармақ  бойынша.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асыратыны және оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайтыны айқындалған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидасына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарушының немесе оның лауазымын алмастырушының шешімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негіздемесі болып табылатындығы көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе оның шешімімен құрылатын жұмыс тобы жүргізеді.

Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген Қағиданың 17-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектілері жарты жыл сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-ына дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға есептік кезеңде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау туралы, олардың нәтижелері және оларды жою бойынша қабылданған (қабылданып жатқан) шаралар туралы ақпаратты жолдап отыру белгіленген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қағидасына сай қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, нәтижесімен Арал ауданы әкімдігіне қарасты 3 мемлекеттік органға ішкі талдау жүргізу жөнінде аудан әкімінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 274-ө өкімімен жұмысшы топ құрылып, қажетті жұмыстар жүргізілуде.

13 тармақ  бойынша.

«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының кіреберісінде, ауласында, күзетшілер алдында және аудан әкімі, орынбасарлары, аппарат басшысының қабылдау бөлмелерінде бейне бақылау камералары орналастырылған. Аталған бейне бақылау камералары мекеме басшылығына және күзет қызметкерлеріне қосылған.

Сонымен қатар, қазіргі таңда үнемделген қаржы есебінен дербес бөлімдер мен Арал қаласы әкімінің аппараты ғимараттарына бейне бақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде «Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратына бейне бақылау камералары орнатылды.

14 тармақ  бойынша.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты аудан көлемінде атқарылған шаралар туралы ақпараттар тоқсан сайын аудан әкімінің ресми сайтына тұрақты түрде орналастырылып отырылады.

19 тармақ  бойынша.

«Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
16 қаңтардағы № 121 Заңына сәйкес 2015 жылдың қараша айында Арал ауданы көлеміндегі алқабилердің тізімі жасақталып (1200), облыс әкімі аппаратына уақытылы жолданды.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы да аталғын тізім қайта жасақталып ұсынылатын болады. 

22 тармақ бойынша.                  

Арал аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап өз қызметін бастады. Жергілікті полиция қызметінің басшысы болып Үмбеталиев Әлтай Жеңісұлы тағайындалды.

Қызмет құрылымына учаскелік инспекторлар, жол полициясы қызметкерлері, өңірлік және табиғатты қорғау, сонымен бірге әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері біріктіріліп, барлығы 62 полиция қызметкерлері қызмет атқаруда. Жергілікті полиция қызметі ішкі істер органының бірыңғай жүйесіне құрылымды түрде енді.

Қазіргі таңда, табиғатты қорғау тобы – 1 қызметтік автокөлікпен, учаскелік полиция инспекторлары – 10 қызметтік автокөлікпен және жол патрульдік қызметі – 2 қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілген.

24 тармақ  бойынша.

Үстіміздегі жылдың 13 сәуірінде аудан әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жоспарлы бірінші отырысы өткізіліп, аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы А. Үмбеталиевтің «Аудандық жергілікті полиция қызметімен қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы» хабарламасы тыңдалды. Аталған комиссия отырысына аудан әкімі, мәслихат хатшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, барлық бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатыстырылды.

25 тармақ бойынша.

«Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығына сәйкес аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен 2016 жылдың ІІІ тоқсанында тұрғындар алдында есеп беру жиынының кестесі аудан әкімінің келісімімен аудандық ішкі істер бөлімінің бастығымен бекітіліп, үстіміздегі жылдың 15-25 қазан аралығында Арал ауданындағы барлық елді мекендерде есеп беру жиындары өткізілді.

44 тармақ  бойынша.

Рұқсат алуды оңтайландыру шаралары аясында  төмендегідей  жұмыстар  атқарылды.        Бірінші сатысы-сәулет жоспарлау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілгендей өтінішті қарау мерзімі 15 жұмыс күнінен аспайды. Бүгінгі күнге 186 СЖТ берілді.

Екінші сатысы-эскиз жобаны мақұлдау, өтініш берілген күннен кейін  «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілгендей өтінішті қарау және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі 10, ал техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімдері 15 жұмыс күннен аспайды. Бүгінгі күнге 159 объектінің эскиздік жобасы келісуден өткізілді.

Үшінші сатысы-құрылысқа рұқсат беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы  №750 бұйрығымен бекітілген «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының» 4 тарауының 68 тармағында «Жеке тұрғын үй құрылысы Қазақстан Республикасының астанасында, сондай-ақ сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аймақтардағы құрылыс салуды қоспағанда, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес жүзеге асырылады»  деп көрсетілген

Сонымен қатар, «Тіркеу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілгендей өтінішті қарау мерзімі 10 жұмыс күнінен аспайды. Бүгінгі күнге 78 объектіге шешім берілді.

45 тармақ  бойынша.

Құрылыстардың   сметалық  құнын анықтаудың  ресурстық әдісін  енгізу  жұмыстары  облыстық  құрылыс,  сәулет және  қала  құрылысы  басқармасы  арқылы  іске  асырылуда. 

53 тармақ бойынша.

Ауданда «бір терезе» қағидасы аясында ашылған кәсіпкерлерді қолдау орталығы аудандық және облыстық деңгейде ісін жаңа бастаушы, сондай-ақ жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлерге тегін сервистік қызмет қөрсетуде. «Даму-Өндіріс»  бағдарламасы шеңберінде  (3 транш) кем дегенде 1 жобаны қаржыландыруды қамтамасыз етуге байланысты аудан кәсіпкерлері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алайда  «Даму-Өндіріс»  бағдарламасы шеңберінде  берілетін несиелердің пайыздық үстемақылары Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында берілетін несиеден  жоғары болуына байланысты   кәсіпкерлердің  көпшілігі жобаларын  «Өңірлік  инвестициялық орталық» арқылы жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр. 2016 жылдың 23 маусым күні Арал ауданында кәсіпкерлік қызметтін дамыту мәселесі бойынша аудандық «Нұр Отан» ХДП-ның ғимаратында кәсібін енді ашуға ниетті жас кәсіпкерлермен кездесу өткізілді. Кездесуге Қызылорда облысы кәсіпкерлік палатасының Арал ауданындағы филиалының қызметкерлері және «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары қатыстып,  жеке бизнес құру үшін мемлекеттік гранттар және  «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алуға түсіндірме жасады.

66 тармақ бойынша.

Ауданда кіші сүт зауытын ұйымдастыру үшін алдымен, Ақирек ауылдық округінен жем-шөп базасын нығайту мақсатында 500 гектар жерге жоңышқа егу жоспарлануда.

Осыған орай, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтер құру үшін ет өткізу, сүт өткізуге аудандағы шаруа қожалықтары және ауылдық округтер бірігіп, сол бағытта жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін мал және егін шаруашылығына байланысты ауданда 14 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құралып, аудандық Әділет басқармасынан тіркеуден өтті.

Осы құрылған ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінен Октябрь ауылдық округінен «Шижаға-16» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі елді мекендегі жеке қожалықтардан сүт өнімдерін жинап, Қазалы аудандағы «РЗА» акционерлік қоғамының сүт зауытына өткізу үшін, сүт жинайтын 2 танкер, сүт тасмалдауға 1 молоковоз алуға «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры»  АҚ-ның облыстық филиалынан 15 млн. Теңге несие алу бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар ауданда мал шаруашылығынан алынатын өнім де көбеюде. Атап айтқанда 2016 жылы 1 қыркүйегіне ет өндіру (тірілей салмақта) 2160,4 тонна болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру 144,3 тоннаға немесе 107,2 пайызға артық орындалып отыр.

71 тармақ бойынша.

Арал ауданы бойынша «Аралтұз» АҚ-ы  «Ұлттық чемпиондар» статусы бойынша  өтінімі мен құжаттары облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасына жолданды. Қазіргі таңда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңесінің Сарапшылар тобы бойынша іріктелу сатысынан өтуде.

87 тармақ бойынша.

Арал аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде барлық сыныптар бойынша ағылшын тілі пәні оқулықтары және оқу әдістемелік кешендермен толық қамтамасыз етілген. 2016-2017 оқу жылында «Алматыкітап» баспасы бойынша 4 сыныптың «Ағылшын тілі» пәні және оқу әдістемелік құралдарына, барлық данасы 3189, 5 мың теңгеге және 1 сыныптар бойынша «Express Publihindg» баспасы бойынша 4460 дана, 6637000 теңгенің оқулықтары, оқу әдістемелік кешендері мен электрондық оқулықтар алынып, оқушыларға түгел таратылып берілді.

107 тармақ бойынша.

«Өрлеу» жобасы жүзеге асырылуда, әлеуметтік көмекті оңтайландыру жүргізілуде. Оның мәні: отбасы құрамында еңбекке жарамды адамы бар, жұмыспен қамту көмек көрсету шараларына міндетті түрде қатысу шартымен, аз қамтылған отбасыларына ақшалай көмек беру жүйесін енгізу. Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек;

108 тармақ  бойынша.

Жыл басынан 8 отбасымен  әлеуметтік келісім-шарттар жасалып, «Өрлеу» жобасына қатыстырылды. Олардың отбасы мүшелеріне 830,0 мың  тенге ақшалай көмек көрсетілді.

109 тармақ  бойынша.

2016 жылы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңымен белгіленген жалпы жұмыс орындарының 3 пайызы шеңберінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотаның сақталуы және кедергісіз орта құру туралы жұмыс берушілермен тұрақты түрде түсіндірме жұмыстар жүргізіліп келеді. 

119 тармақ  бойынша.

Мемлекеттік  электронды  кітапхана  қорының ақпараттық  жүйесінің  қорын  кеңейту  мақсатында мемлекет  есебінен  жарық  көрген  Арал  ауданының  тарихына, мәдениеті  мен  әдебиетіне қатысты  115  кітаптың  тізімі  Ұлттық  академиялық  кітапханаға  жіберіліп,  жергілікті  10  автормен  келісім-шарттар  жасалынып,  олардың  10  шығармаларының  электронды  нұсқасы ҚазҰАҚ-на орналастырылды.

120 тармақ  бойынша.

Ауданда түрлі  салада  қызмет  атқарған бүгінгі  күннің  батырлары  туралы  ақпараттар қоры  жинақталуда.

122 тармақ бойынша.

Аудандық  «Толқын» газетінде  жалпыұлттық Ұлт Жоспары:  5 институционалдық реформа 100 нақты қадам бағдарламасына арнайы айдарлар ашылып, мақалалар жариялануда. Бүгінгі күнге дейін аудандық «Толқын» газетінде 35 мақала, «Құрылтай» газетіне 3 мақала жарияланды. Сонымен қатар, Арал ауданы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісінде үздіксіз ақпарат беріліп отыр. Халықты  ақпараттандыру  мақсатында  16 билборд  орналастырылды.

123 тармақ  бойынша.

2016-2020 жылдарға  арналған  Арал  ауданының  даму  бағдарламасы  іске  асырылуда, оның  орындалуы аудан  әкімі  аппаратының  мәжілістерінде,  аудан  әкімдігінің  отырыстарында  тоқсан  сайын  қаралып  келеді. Орындалуы  бағдарлама  әкімшілерінен  қатаң  сұралуда. 2016 жылға  жоспарланған  көрсеткіштердің  орындалуы  қамтамасыз  ету  мақсатында  тиісті жауапты  орындаушылармен  меморандумға  отыру  жұмыстары  жүргізілді. 

124  тармақ  бойынша.

2016-2020 жылдарға  арналған  Арал  ауданының  даму  бағдарламасына  облыстық  бағдарламаға  өзгерістер мен  толықтырулар енгізілгеннен  кейін  1  ай  мерзімде  тиесінше өзгерістер  енгізілетін  болады. Қазіргі  таңда, 2016  жылға  жоспарланған  мақсатты  индикаторларды  іске  асыру  жөніндегі  меморандум  мен  2016-2020  жылдарға  арналған  Арал  ауданының даму  бағдарламасы  сәйкестендірілді.

128 тармақ  бойынша.

Бюджеттің ашықтылығын  қамтамасыз  ету  мақсатында Арал  ауданы  әкімдігінің  интернет  ресурсында  бюджетті  қалыптастыру,  оған  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  және  оның  орындалуы  туралы  есептер  тұрақты  түрде  жарияланып  келеді.

131 тармақ  бойынша.

Ағымдағы  жылдың І  тоқсанында аудан  әкімінің халық  алдындағы  есепті  кездесуі  болып  өтті.  Онда   жоспарланған  шаралардың  іске  асырылу барысы, мемлекеттік  және  салалық  бағдарламалардың  орындалуы  талқыланды. Сонымен  қатар,  ағымдағы жылдың 6  айында  атқарылған  жұмыстар  бойынша аудандық мәслихаттың кезекті  сессиясында  аудан  әкімі  есеп берді.

132 тармақ  бойынша.

Арал  аудандық  мәслихатының  2016  жылғы  11  ақпандағы  кезектен  тыс  қырық  сегізінші сессиясының  №286  шешімімен   «Арал ауданының  қоғамдық  кеңесінің  құрамы» және №287  шешімімен  «Арал  ауданының қоғамдық  кеңесі туралы  ережесі» бекітіліп,  қоғамдық  кеңес  өз  жұмысын  бастады.

133 тармақ бойынша.

Жергілікті  өзін-өзі  басқару  шаралары  аясында заңды  тұлғалардан  алынатын  жер  және  көлік салықтары бойынша аудандағы  қала,  кент,  ауылдық округтер  бөлінісінде  салық  төлемгерлерінің  тізімі  жасалып, сомалары  белгіленді. Қала,  кент,  ауылдық  округтер  бойынша  жер  салығынан 2671,4  мың  теңге, көлік  салығынан 2779,9  мың  теңге,  барлығы  5451,3  мың  теңгеге  мәлімет  жасақталды.

134 тармақ  бойынша.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 10 ақпаны күні аудандық қоғамдық кеңес құрылып, кеңестің құрамы мен оның ережесі бекітілді. Аудандық Қоғамдық кеңестің бірінші отырысында оның төрағасы, хатшысы мен төралқаның құрамы сайланды. Үстіміздегі жылдың 11 сәуірінде өткен кеңес отырысында қоғамдық кеңестің жылдың жоспары бекітіліп, салалық комиссияларының құрамы айқындалды. Қоғамдық кеңеске қажетті барлық ақпарат аудан әкімдігі ресми интернет-ресурсының «Қоғамдық кеңес» бөлімінде орналастырылған.

 

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62