Бүгін: 23 сәуір 2017 жыл, (14:09)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

ЖҰМАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖҮЗДЕСУ

08 сәуiр 2017, Сенбі64

ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «Нұр Мүбарак» университетінің ұстазы Сансызбай Құрбанұлының Арал ауданындағы сапары Аудандық мәдениет үйіндегі кездесумен жалғасты. «Радикалды діни идеологиялардың мемлекет пен қоғамға төндірер қауіп-қатерлері» тақырыбында өткен аудандық конференцияға қатысты.
Сансызбай Құрбанұлы әлемді түршіктірген террорлық әрекеттерге тоқталып, бұл жаман пиғылды істерге Ислам дінінің еш қатысы жоқтығына байланысты дәстүрлі дініміздің негізгі ұстанымдарына тоқталып, Ислам діні бейбітшілікті жақтайтын дін екеніне талдау жасап, қандай да бір жағымсыз істерді дінмен байланыстырмау керек екенін түсіндірді. Көпшілік қауымның көкейкесті сауалдарына дін тұрғысынан тұшымды жауап берді.
Мәдениет үйіндегі жиыннан кейін Арал аудандық Орталық мешітінде Жұма намазы алдында көпшілік жамағатпен жүздесті. Кездесу барысында діни уағыздар айтып, шариғатымыз жайында кеңінен сөз қозғады. Жамағатқа дәстүрлі емес діни ұйымдар қатарында жүрген азаматтар туралы айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ұқсас жаңалықтар

08 сәуiр 2017, Сенбі64
08 сәуiр 2017, Сенбі64
08 сәуiр 2017, Сенбі64
08 сәуiр 2017, Сенбі64
08 сәуiр 2017, Сенбі64
08 сәуiр 2017, Сенбі64
08 сәуiр 2017, Сенбі64
08 сәуiр 2017, Сенбі64
08 сәуiр 2017, Сенбі64
08 сәуiр 2017, Сенбі64
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62