Бүгін: 23 мамыр 2017 жыл, (09:03)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРДЫҢ АРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ САПАРЫ

12 сәуiр 2017, Сәрсенбі126

ҚР Президент әкімшілігі аппаратының мемлекеттік инспекторы Н.Ш.Тілешов жұмыс сапарымен Арал ауданында болды.
Мемлекеттік инспектор сапар барысында аудандағы бірқатар өнеркәсіп орындарын аралады. Алдымен «Қамыстыбас» туристік демалыс аймағында болды. «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында болып, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалып жатқан оқушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар Н.Тілешов ауданымыздағы «Ақ лақ» су торабы мен «Көкарал» бөгетінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Бөген ауылдық округіндегі «Қарашалаң» СДО балық зауытын да болды. Содан соң Жақсықылыш кентіндегі «Аралтұз» АҚ – ның жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, «Аралтұз» АҚ- да өндірілетін йодталған тұз Қазақстанның барлық аймағына және шет елдерге де экспортталады.
Жақсықылыш кентіндегі сапарынан кейін Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолы бойындағы жеке кәсіпкер Б.Жандәулетовтың «Айжұлдыз» жол бойы сервистік кешенінде болды. Мұнан соң Арал қаласындағы «Арал балық өңдеу зауытын» аралап көрді.
Мемлекеттік инспектордың сапары белгілі жазушы Ә.Нұрпейісовтің Әдебиет үйінде жалғасып, «Соңғы парыз» романы кейіпкерлеріне арналған ескерткішті тамашалады.
Мемлекеттік инспектор Н.Тілешов Арал ауданындағы бір күндік сапары барысында бірқатар кәсіпорындар мен кәсіпкерлік нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Ұқсас жаңалықтар

12 сәуiр 2017, Сәрсенбі126
12 сәуiр 2017, Сәрсенбі126
12 сәуiр 2017, Сәрсенбі126
12 сәуiр 2017, Сәрсенбі126
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62