Бүгін: 23 мамыр 2017 жыл, (09:05)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ МАҚСАТЫНДА, БӨЛІМ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ПІКІР АЛМАСУ

14 сәуiр 2017, Жұма134

«Сыбайлас жемқорлықпен  күресу мақсатында, бөлім жұмыскерлері арасында пікір алмасу» тақырыбымен өткен дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясының өкілі мен бөлім қызметкерлері қатысып,сыбайлас жемқорлық көріністерін тудыратын себептерді айтып, оның салдарларымен күресудің әдіс – тәсілдері қызу талқыланды.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өзі құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдары, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған мәмілелерді, шарттарды уәкілетті мемлекеттік органдардың, мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен сот жарамсыз деп таниды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзы­реті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квази­мемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүр­гізуге міндетті.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің  баспасөз  қызметі

Ұқсас жаңалықтар

14 сәуiр 2017, Жұма134
14 сәуiр 2017, Жұма134
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62