Бүгін: 27 шілде 2017 жыл, (14:27)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

17 сәуiр 2017, Дүйсенбі153

Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіруге байланысты аудан әкімі Мұхтар Әуесұлының қатысуымен аудандық актив отырысы өтті.
Алғаш болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Жоланов «Рухани құндылық – ұлт қуаты» баяндамасында Елбасының өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керектігіне және жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарты – тамыры тарихының тереңінен бастау алатын ұлттық кодымызды сақтай білуіміз кажет екендігіне тоқталды. 
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Дәрменов ана тіліміздің қазіргі кездегі мәселелеріне және «Үш тілде білім беру» сынды бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талабына даярлау екенін айтты. 
Сонымен бірге Елбасының латын әліпбиіне көшуге ұсыныс жасауының терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты екендігін айтып, «Рухани жаңғырудың тірегі – Тіл» деп қорытындылады.
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес, білім беру ұйымдарындағы инновациялық үдерістердің белсенділігі туралы №62 мектеп-лицей директоры,аудандық мәслихат депутаты С.Жанназарова мәлімдеді. Аудан көлемінде білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Аталмыш жиын барысында туған жерге деген патриотизм, бәсекеге қабілеттілік мәселелері кеңінен талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

17 сәуiр 2017, Дүйсенбі153
17 сәуiр 2017, Дүйсенбі153
17 сәуiр 2017, Дүйсенбі153
17 сәуiр 2017, Дүйсенбі153
17 сәуiр 2017, Дүйсенбі153
17 сәуiр 2017, Дүйсенбі153
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62