Бүгін: 27 шілде 2017 жыл, (14:29)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

АРАЛ ӨНЕРПАЗДАРЫ ЫРҒЫЗ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

20 сәуiр 2017, Бейсенбі290

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында  Арал аудандық   мәдениет орталығы өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Аралым айдын шалқарым» атты концерт-кеші өтті. Кешке Арал ауданы әкімінің орынбасары Р.Өтешов қатысып, Ырғыздық өнер сүйер қауымға ыстық лебізін білдірді.

Арал аудандық ардагерлер делегациясының мүшелері А.Үмбетов пен Ә.Әуезовтің және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Дәрменовтің қатысуымен өткен кеш екі аудан арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Ырғыз халқы Арал топырағынан шыққан шайырлар мен дүлдүлдердің жырларымен, айдынды Арал өнерпаздарының  жыр-маржанынан сусындады.

Ырғыз елін «Ырысы мол- Ырғыз» десек, Арал елін-«Өнер мен даулет қонған жер» деп атайды. Мұның сыры тарихы терең –тамырластықта, рухани үндестігінде, қайнаса біткен тыныс-тіршілік діліміздің бірлігінде жатқандығынан болар!

        Осыған орай Ырғыз ауданының халқы   Арал аудандық мұражайының  «Өнер мен дәулет қонған жер» көрмесін   тамашалады.

Ұқсас жаңалықтар

20 сәуiр 2017, Бейсенбі290
20 сәуiр 2017, Бейсенбі290
20 сәуiр 2017, Бейсенбі290
20 сәуiр 2017, Бейсенбі290
20 сәуiр 2017, Бейсенбі290
20 сәуiр 2017, Бейсенбі290
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62