Бүгін: 27 мамыр 2017 жыл, (04:41)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

АРАЛДА АТ БӘЙГЕСІ ӨТТІ

07 мамыр 2017, Жексенбі80

Бүгін Арал қаласындағы ипподромда Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай ұйымдастырылған ат бәйгесі (тай жарысы, құнан, тоқ және аламан бәйгелері) өткізілді.
Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан келген шабандоздар жалдарынан жел есіп, атқан оқша зулаған сәйгүліктерінің қарымын осы дүрмекте сынап көрді.
Тай бәйгесінде ауыздықтарымен алысқан 18 ат 2 айналым бойынша 5 шақырым қашықтыққа жүгірді. Сәйгүліктердің ішінен Қызылорда қаласынан келген Болат Мәдидің «Айғашап» атты күрең қасқасы бірінші келді. Ал екінші болып Аралқұм ауылынан келген Әлжанов Құттыбайдың «Жұлдыз» торы төбелі мәре сызығын екінші болып кесті. Жүлделі 3-орынға Қызылорда қаласының өкілі Болат Мәдидің «Зара» есімді торы төбелі ие болды.
Құнан бәйгесінде 22 ат 4 айналым бойынша 10 шақырым қашықтықта жарыс жолына шықты.1-орынды Қарақұм ауылынан келген Төрахметов Базарәлінің «Ақмарал» атты күрең қасқасы,2-орынды Қызылорда қаласынан келген Болат Мәдидің «Мөлдір» атты қаракері ,ал 3-орынды Арал қаласынан Нұрғалиев Сәбитжанның «Шалқыма» торы төбелі иеленді.
Тоқ бәйгесі бойынша 6 айналым 14 шақырым қашықтықта 18 тұлпар бақ сынады. Тоқ бәйгеде Қызылорда қаласынан келген Болат Мәдидің «Жұлдыз» атты торы төбелі топ жарды. Қызылорда қаласынан келген Жалғасбек Арсланның «Аманат» атты күрең төбелі екінші болып келсе, Қызылорда облысы Аққұм ауылынан Бисенов Мағжанның «Ақ Үміт» атты күреңі жүлделі үшінші орыннан көрінді.
Аламан бәйгесінде 10 айналым бойынша 13 тұлпар бақ сынады. Аламан бәйгеге 5 жүлделі орын тағайындалды.1- орынды Қызылорда қаласынан келген Сәтбаев Темірланның « Архимет» атты торысы иеленді. Қазалы ауданы Пірімов ауданынан келген Серенов Кеңестің «Талас» атты күреңі 2- орынды, Арал ауданы Қарақұм ауылының өкілі Төрахметов Базарәлінің «Құлагер» атты керісі 3-орынды,Қазалы ауданы Пірімов ауылынан Ахметов Бәкеннің «Нұр қасқасы» 4-орынды, Арал қаласынан Абдимов Романның «Бриллиант» атты керісі жүлделі 5-орынға ие болды.
Жеңімпаз және жүлдегер атанған шабандоздарға демеушілер тарапынан тағайындалған жүлделер тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

07 мамыр 2017, Жексенбі80
07 мамыр 2017, Жексенбі80
07 мамыр 2017, Жексенбі80
07 мамыр 2017, Жексенбі80
07 мамыр 2017, Жексенбі80
07 мамыр 2017, Жексенбі80
07 мамыр 2017, Жексенбі80
07 мамыр 2017, Жексенбі80
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62