Бүгін: 23 қыркүйек 2017 жыл, (11:42)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

АРАЛДА ҰЛЫ ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

09 мамыр 2017, Сейсенбі251

Арал халқы 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесін ерекше атап өтті. Алдымен «Тағзым» алаңына жиналған қауым Ұлы Отан соғысы құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына құран бағышталды. Сонымен қатар, ел үшін от кешіп, қаза тапқан боздақтарға арналған ескерткіш тақтасына аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері гүл шоқтарын қойды.
Мерекелік шара орталық алаңда театрланған қойылыммен жалғасты. Салтанатты жиында аудан әкімі М. Оразбаев Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен аудан халқын құттықтап, жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлерінің де өлшеусіз үлесі бар екенін айтты. 
Қазіргі таңда ауданымызда төрт Ұлы Отан соғысы ардагері бар. Ардагерлердің ерен ерліктері жас ұрпаққа үлгі- өнеге, зор мақтаныш.
Мереке аудан өнерпаздарының түрлі патриоттық әндер айтылған концертіне ұласты.

Ұқсас жаңалықтар

09 мамыр 2017, Сейсенбі251
09 мамыр 2017, Сейсенбі251
09 мамыр 2017, Сейсенбі251
09 мамыр 2017, Сейсенбі251
09 мамыр 2017, Сейсенбі251
09 мамыр 2017, Сейсенбі251
09 мамыр 2017, Сейсенбі251
09 мамыр 2017, Сейсенбі251
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62