Бүгін: 23 қыркүйек 2017 жыл, (11:42)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

НЕСИЕ ТАРИХЫН БІЛГІҢІЗ КЕЛСЕ?

15 мамыр 2017, Дүйсенбі202

«Бірінші несиелік бюро» ЖШС 2004 жылы 29 шілдеде Қазақстан Республикасының ірі банктерімен құрылған, Қазақстан Республикасының қаржы Ассоциациясымен және Прагма/USAID Корпорацисының қаржылық секторын дамыту жобасының қолдауымен жасалған. Бұл компанияның мақсаты – несие берушінің тұтынушылар жөнінде нақты мәліметтер білуі, осы мәліметтердің жедел және қолжетімді алынуы және қаржылық операциялардағы алаяқтық әрекеттердің алдын алу болып табылады. Сондай-ақ несие алушының өз несие тарихы туралы дұрыс және толық ақпарат алуы оның банктерге деген сенімділігін арттырады және болашақта бизнес белестеріне нақты қадам жасауға мүмкіндік береді. Міне, осы қызмет түрін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Арал аудандық бөлімі арқылы алуға болады.

Нақтырақ айтсақ, қызмет «ХҚКО» Арал аудандық бөлімінде тұтынушыларға  2015 жылдың  шілде айынан бастап көрсетіліп келеді. Осы кезеңнен бастап өз несие тарихын білуге өтініш білдірушілер саны жылдан жылға артып келеді. Жуырда бөлім қызметкерлері Арал ауданы, Сексеуіл кентінің бірқатар мекемелеріне барып осы қызмет түрін насихаттап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Несие тарихын алу үшін жеке куәлігіңіз қажет және бұл қызмет түрі ақылы түрде көрсетіледі. Бірінші рет алған жағдайда -250 теңге, ал 1 жыл ішінде 2 рет қайталап алсаңыз – 450 теңге төленеді.

«Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің  баспасөз  қызметі

Ұқсас жаңалықтар

15 мамыр 2017, Дүйсенбі202
15 мамыр 2017, Дүйсенбі202
15 мамыр 2017, Дүйсенбі202
15 мамыр 2017, Дүйсенбі202
15 мамыр 2017, Дүйсенбі202
15 мамыр 2017, Дүйсенбі202
15 мамыр 2017, Дүйсенбі202
15 мамыр 2017, Дүйсенбі202
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62