Бүгін: 13 желтоксан 2017 жыл, (17:24)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ ОҚЫТУ КУРСЫН ӨТКІЗДІ

26 шiлде 2017, Сәрсенбі209

Облыстық ақпараттық топ мүшелері Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында оқыту курсын өткізді.
Мемлекет басшысының бұл мақаласын маңызды саяси идеологиялық құжат деп айтуға толық негіз бар. Себебі, бұл мақалада ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы айтылады.
Облыстық ішкі саясат басқармасының Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы Есбосын Қаракөз Қожаққызы Елбасы мақаласы төңірегінде атқарылып жатқан шараларға және облыс көлемінде ақпараттандырылу мәселесіне тоқталды.Сонымен қатар, жиын барысында «100 жаңа есім» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, осы бағытта жұмыстар жалғаса беретіндігі айтылды. 
Облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының директоры, облыстық ақпараттық топ мүшесі Мусаева Нұрсәуле Дүйсембайқызы сөз алып, ел Президентінің мақаласын қатысушыларға түрлі аспекттер бойынша түсіндірді. 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және өткізу жолдары «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінің бас менеджері, ақпараттық топ мүшесі Мәмбетов Серік Пернебайұлы баяндама жасады.
Жиынға қатысушылар аталмыш мақалаға байланысты пікірлерін ортаға салды. Оқыту курсына аудан жастары, бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

26 шiлде 2017, Сәрсенбі209
26 шiлде 2017, Сәрсенбі209
26 шiлде 2017, Сәрсенбі209
26 шiлде 2017, Сәрсенбі209
26 шiлде 2017, Сәрсенбі209
26 шiлде 2017, Сәрсенбі209
26 шiлде 2017, Сәрсенбі209
26 шiлде 2017, Сәрсенбі209
26 шiлде 2017, Сәрсенбі209
26 шiлде 2017, Сәрсенбі209
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62