Бүгін: 20 тамыз 2017 жыл, (06:07)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

26 шiлде 2017, Сәрсенбі97

Бүгін аудандық мәдениет үйінде облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық ақпараттық топ мүшелері Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында кездесу өткізді. 
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жұмагүл Нахтайқызы Елбасы мақаласының маңыздылығына тоқталып, жиынды ашты.
Жиын барысында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Қызылорда облысында ілгерілету жөніндегі жобалық офис басшысы Әлімжан Мұратбайұлы Жарылқағанов баяндама жасады.
«Сананы жаңғырту және ұлттық прагматизм» атты баяндамасында Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық ақпараттық топ мүшесі Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы ұлттық сананың жаңғыруы және прагматизм мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, облыстық мәслихат хатшысы, облыстық ақпараттық топ жетекшісі Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы өз баяндамасында ұлттық рух, ұлттық код ұғымдарының маңыздылығын баса айтты .
Шараға қатысушылар баяндамашыларға сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

26 шiлде 2017, Сәрсенбі97
26 шiлде 2017, Сәрсенбі97
26 шiлде 2017, Сәрсенбі97
26 шiлде 2017, Сәрсенбі97
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62