Бүгін: 23 қазан 2017 жыл, (08:38)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

«ЖЕР ТЕЛІМІН ӨЗДІГІНЕН БАСЫП АЛУДЫ ТОҚТАТАЙЫҚ»!

02 тамыз 2017, Сәрсенбі208

Бүгінгі қоғам тарапынан ерекше маңызға ие шаралардың бірі – ол жер мәселесі екендігі белгілі. Жерді заңсыз негізде басып алу, әрі өз еркімен иемдену деректеріне бей-жай қарасақ, онда қалыптасатын ахуалдың соңы наразылыққа ұшырап, тіпті шиеленіс ошағына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сол себептен, қоғам болып жұмылып, аталған заңсыздықтардың жолын кесу, болдырмау бағытында кешенді шараларды күшейтуіміз қажет.

Жалпы, мұндай мәселелерді үйлестіріп, дер кезінде шешім қабылдау үшін ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовпен ҚР Бас Прокуроры Ж. Асанов тарапынан «Жерді өздігінен басып алуды тоқтатайық» атты республика көлеміндегі іс-шаралар жоспары 2016 жылы бекітілді.

Заңнамаға сүйенсек, ҚР Жер кодексінің 10-бабының  43-тармағында «Егер аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi», - делінген. Яғни, осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейтіндігі сөзсіз.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 136-бабына сәйкес (әрі қарай - Кодекс) мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақытылы қайтармау әрекеттері - жеке тұлғаларға-елуден жетпіс бес айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерде айыппұл салуға дейін барады.

Кодекстің 147-бабының 2-1 тармағына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері елді мекен аумағында жеке тұлғаларға қатысты (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелердің жасалуына жол бермеуге;

Ал, 729-баптың 3 тармағына сайкес  аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 136-бабында көзделгендей елді - мекен аумағында жеке тұлғалар аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы деп көрсетілген.

Сондай-ақ, ҚР Жер кодексінің 164-1 бабының 2-тармағының негізінде, мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтаруды талап етуді жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Заңсыз иеленуші өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген әкімшілік жазалар қолданылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде босатуға және өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған (салынып жатқан) құрылысты, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзі немесе өз есебінен бұзуды жүзеге асыруға міндетті.
Жер учаскелерін өз бетімен иелену жағдайларын болдырмау үшін және заңсыз құқық белгілейтін құжаттарсыз құрылыс салу, азаматтарға және заңды тұлғаларға өз бетінше иелену қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін сезінуі қажет.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136-бабына сәйкес  (жерге мемлекеттік меншік құқығының бұзылуы),  мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ,  уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақытылы қайтармау заң аясында жауаптылықты қамтиды. Атап айтқанда,  жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Заңсыз иеленушінің өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін босату және мұндай учаскеде салынған (салынып жатқан) құрылысты бұзу жөніндегі міндеттерді орындамауына байланысты даулар сот тәртібімен шешіледі.

Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелерін өз бетімен иеленушілік пен құқық белгілейтін құжаттарсыз заңсыз құрылыс салу қандай салдарларға әкелетінін айқын түсіндіруіміз керек.

Осы ретте, жер қатынастары саласына орай көкейлеріңізде жүрген сұрақтарыңыз, мәселелеріңіз болса, аудандық жер қатынастары бөлімінің (8-72433) 2 – 47 - 47 нөмірлі сенім телефонына қоңырау шалуларыңызға болады. 

Ұқсас жаңалықтар

02 тамыз 2017, Сәрсенбі208
02 тамыз 2017, Сәрсенбі208
02 тамыз 2017, Сәрсенбі208
02 тамыз 2017, Сәрсенбі208
02 тамыз 2017, Сәрсенбі208
02 тамыз 2017, Сәрсенбі208
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62