Бүгін: 17 желтоксан 2017 жыл, (19:42)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

ЖҰЛДЫЗАЙДЫҢ ЖҰЛДЫЗЫ ЖАНДЫ

04 қазан 2017, Сәрсенбі319

Қазақылықтың  қаймағы бұзылмаған, қазақтың қара сөзінің қадірін  қасиет тұтқан – айбынды Арал өңірі  талай таланттарды түлеткен құтты мекен.

Осы өнерлі өлкемізден қанаттанған Абдразақова Жұлдызай жақында Тараз қаласында өткен Республикалық «Шарықта, шырқа, жас қыран» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқаудан оқ бойы озық келді.

Арнайы  дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету, оның ішінде ән-би, көркем сөз, бейнелеу өнері арқылы ұлттық өнерімізді қадірлеп, қастерлеуге, өнерлі балаларды тауып, оны насихаттау мақсатында «Балдәурен» дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау  ағымдағы жылдың 30-қыркүйегі  мен 1-қазан күндері таланттарды таңдаған болатын.

Айта кетейік, аталмыш байқауға аудан атынан көркем сөз жанры бойынша сынға түсіп, бас жүлдені жеңіп алған  жерлесіміз Бекбауыл ауылындағы №65 орта мектептің оқушысы.  Ал, «үздік жетекші» номинациясына ие болған Жұлдызайдың жетекшісі Ләззат Сақтағанова осы мектептің қосымша білім беру педагогі.

Ұқсас жаңалықтар

04 қазан 2017, Сәрсенбі319
04 қазан 2017, Сәрсенбі319
04 қазан 2017, Сәрсенбі319
04 қазан 2017, Сәрсенбі319
04 қазан 2017, Сәрсенбі319
04 қазан 2017, Сәрсенбі319
04 қазан 2017, Сәрсенбі319
04 қазан 2017, Сәрсенбі319
04 қазан 2017, Сәрсенбі319
04 қазан 2017, Сәрсенбі319
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62