Бүгін: 17 желтоксан 2017 жыл, (19:43)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ!

05 қазан 2017, Бейсенбі290

«Алты алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі» деген қанатты сөз бар. Бұл осынау ардақты мамандықтың қаншалықты құнды мамандық екенін аңғартса керек. Жалпы, ұстаз адамзат баласына қай кездерден бері жаңаны үйретумен келеді. Сондықтан, барша ұстаздар қауымы мен білім саласы ардагерлерінің ел болашағын жасаудағы қызметтері өлшеусіз. Осынау мерейлі мерекеде сіздерді шын жүректен құттықтап, абырой биігінен көріне берулеріңізге тілектестігімді білдіремін.

Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың тілімен айтсақ «Ұстаз – ұлы есім». Яғни, ұстаз әр адамның жүрегінен айрықша орын алады. Өз істеріне адалдық танытып, шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие берген өздеріңізді халық әрқашан құрмет тұтады. Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі. Сіздер ел ертеңін жасайтын жас буынды тәрбиелеп отырсыздар. Сонымен де ардақтысыздар.

Тәуелсіз еліміздің алдында өркениетті 30 елдің қатарынан көріну міндеті тұр. БҰл өз кезегінде ауданның білім саласына да айрықша жауапкершілік жүктейді. Болашақта қоғамдық-саяси, экономиканы өркендетуге үлес қосатын білімді де білікті маман тәрбиелеу бүгінгі мұғалімдердің қолында. Олай болса, Сіздердің еңбектеріңіз ерекше. Оны біз лайықты бағалаймыз.

Сіздерді бүгін тағы да мерекелеріңізбен құттықтай отырып, егемен еліміздің абыройын асқақтататын, атын әлемге танытатын талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін демекпін. Дендеріңіз сау, отбастарыңыз аман болсын, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!

Құрметпен, 

Арал ауданының әкімі  М.Оразбаев

Ұқсас жаңалықтар

05 қазан 2017, Бейсенбі290
05 қазан 2017, Бейсенбі290
05 қазан 2017, Бейсенбі290
05 қазан 2017, Бейсенбі290
05 қазан 2017, Бейсенбі290
05 қазан 2017, Бейсенбі290
05 қазан 2017, Бейсенбі290
05 қазан 2017, Бейсенбі290
05 қазан 2017, Бейсенбі290
05 қазан 2017, Бейсенбі290
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62