Бүгін: 17 желтоксан 2017 жыл, (19:42)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: АРАЛДА ҚҰРЫШ ҚАЗАҚ АТАНҒАН АҚЫН МЕРЕЙТОЙЫ АТАП ӨТІЛДІ

06 қазан 2017, Жұма144

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында Сыр елінің құрыш қазағы атанған қазақтың қайсар ұлы, өршіл ақыны, жерлесіміз - Зейнолла Шүкіровтің 90 жылдық мерейтойы тойланды. 
Аталмыш мерейтой қалалық мәдениет үйіне Зейнолла Шүкіровтің есімін беру салтанатымен басталды. Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы жерлес ақынымыздың есімін ұлықтау, шығармашылығын кеңінен таныстырып, насихаттау мақсатында жыл басынан бері облыс көлеміндегі мәдени ошақтар мен білім беру мекемелерінде кең ауқымда жұмыстар жүргізілуде екендігін, бүгінгі күні ақын шығармалары уақыт өтсе де, ескірмейтін құндылыққа айналып отырғандығын баса айтты. 
Сонымен қатар, аудан ардагерлері ақын шығармалары мен естеліктеріне тоқталып, ізгі ниеттерін білдірді. 
Шара барысында аудан әкімі М. Оразбаев қалалық мәдениет үйінің директоры А.Тұяқоваға аталмыш мәдениет үйіне З. Шүкіровтің есімін беру туралы Үкімет қаулысын салтанатты түрде табыстады. 
Жиналған қауым З. Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде ақынның «Жас жесір» спектакльін тамашалады.

Ұқсас жаңалықтар

06 қазан 2017, Жұма144
06 қазан 2017, Жұма144
06 қазан 2017, Жұма144
06 қазан 2017, Жұма144
06 қазан 2017, Жұма144
06 қазан 2017, Жұма144
06 қазан 2017, Жұма144
06 қазан 2017, Жұма144
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62