Бүгін: 23 қазан 2017 жыл, (08:40)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН АРАЛДЫҚ ҰСТАЗДАР АБЫРОЙ БИІГІНДЕ

07 қазан 2017, Сенбі145

Қазақ мектебінің болашағы туралы А.Байтұрсынұлы «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деп айтып кеткендей тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи, әлеуметтік, мәдени, рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор.
Иә, адамның азамат болып қалыптасуына өзіндік қолтаңбасын қалдырып, өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген ұстаздар қауымын қалай мадақтап, қандай биікке көтерсе де жарасады. Осы ретте, бүгін аудандық мәдениет үйінде Ұстаздар мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Арнайы шарада алғаш сөз кезегін алған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев барлық ұстаздар қауымын және сала ардагерлерін мерекелерімен құттықтады. Одан әрі Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев аймақ бойынша білім саласындағы жетістіктерге кеңінен тоқталып, білім саласы қызметкерлеріне мерекелік лебізін білдірді.
Салтанатты шарада, бірқатар ұстаздар ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының, «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаттарымен марапатталса, білім саласында еңбегімен еленген 18 мұғалім аудан әкімінің Алғыс хатымен және № 13 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Әбжалиев Алданыш пен «Айдын» балабақшасының меңгерушісі Әбдікәрімова Лизаға Арал ауданының «Құрмет грамотасы» табысталды.
Сонымен қатар, шара барысында аудандық пән олимпиадасының қорытындысы жария етілді. Нақтырақ айтқанда, «Химия» пәні бойынша өткізілген жарыста Арал қаласындағы №83 орта мектептің мұғалімі Махамбетжанова Назгүл үздік деп танылып, бас жүлде, яғни, су жаңа автокөлікке ие болды. Бұдан бөлек, бірінші орын алған ұстазға 500 мың теңге, екінші орыннан көрінген екі ұстазға 200 мың теңге және үшінші орын иемденген төрт мұғалімге 100 мың теңгеден ынталандыру сыйлықтары берілді.

Ұқсас жаңалықтар

07 қазан 2017, Сенбі145
07 қазан 2017, Сенбі145
07 қазан 2017, Сенбі145
07 қазан 2017, Сенбі145
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62