Бүгін: 23 қазан 2017 жыл, (08:40)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

10 қазан 2017, Сейсенбі78

Бүгін аудандық мәдениет үйі ғимаратында Арал ауданы әкімдігі мен аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру жолындағы құндылықтар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын арқау еткен конференцияға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Бақытжан Камалов, «Өрлеу» акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығының кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Баймырза Қожамберлиев және облыстық «Сыр дидары» газетінің редакторы Сәкен Алдашбаев пен Қызылорда қалалық «Нұр» мешітінің ұстазы, теолог маман Батырбек Убаев, Арал ауданы прокурорының орынбасары Еркебұлан Әмірбеков арнайы қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары М.Мейірбековтың төрағалығымен өткізілген конференция барысында ақпараттық-түсіндіру жөніндегі топ мүшелері «Экстремизм мен терроризмнің маңызды мәселелері», «Жастарды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу», «Дін мен дәстүр егіз ұғым», «Дәстүрлі діннің рухани құндылықтарын қалыптастыру рөлі» атты тақырыптарда саяси және рухани мәні бар баяндамалар жасады. Сонымен қатар, қазақ ұлтының сал-дәстүрлерінің негізі ислам дінінде екенін, халқымыздың ұстанып келген діни нанымдары не шариғаттан не табиғаттан алынғандығын ашып айта отырып, нақты мысалдармен түсіндіріп өтті.
Айта кетейік, дәл осы мазмұндағы түсіндірме жұмыстары аудан көлемінде тағы да 10 жерде ұйымдастырылған болатын. Мұндағы мақсат, рухани жаңғыру жолына түскен елімізді дәстүрлі дін жолынан адаспай, керісінше, сан ғасырдан бергі сүрленген ұлттық дәстүр арқылы ұрпақ тәрбиесін жаңғырту, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай отырып бүгінгі қоғамның санасын сілкінту болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

10 қазан 2017, Сейсенбі78
10 қазан 2017, Сейсенбі78
10 қазан 2017, Сейсенбі78
10 қазан 2017, Сейсенбі78
10 қазан 2017, Сейсенбі78
10 қазан 2017, Сейсенбі78
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62