Бүгін: 13 желтоксан 2017 жыл, (17:25)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

АРАЛДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КООПЕРАТИВТЕРІ ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

11 қазан 2017, Сәрсенбі139

Қазіргі қалыптасып отырған саяси-экономикалық жағдайға байланысты Мемлекет басшысы барлық жергілікті басқару органдарының алдына халықты жұмыспен қамту мәселесін алға тартып, аталмыш мәселені шешу барысында ауылдық жерлерде жаппай ауылшаруашылық кооперативтерін құру қажеттілігін баса айтқан еді.
Осы ретте, бүгінгі таңда Арал ауданы бойынша 25 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды. Соның ішінде, қазіргі кезде мемлекет тарапынан несие қаржысын алып, жұмыс жасап жатқан Октябрь ауылдық округінен құрылған «Шижаға-16» ауылшаруашылығы өндірістік копперативінің жұмысы ырғақты.
Нақтырақ айтқанда, кооператив мүшелікке 65 адам тартып, 50 аналық сиырдан сүт өндіру және жеке тұлғалардан сүт қабылдау жобасына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының облыстық филиалы арқылы бастапқыда 6,5 млн. теңге несиеге қол жеткізген. Аталмыш қаржы көзіне сүт тасымалдайтын бір автокөлік және сағатына 8 литр сүт өңдейтін цепаратор, танкер салқындатқыш және мұздатқыш сатып алған кооператив бүгінде сүтті Октябрь және Сазды ауылдық окрутеріндегі жеке және шаруа қожалықтарынан жинауда.
Белгілі болғандай, осы кезге дейін олар 5800 литр сүт өндіріп, Арал қаласындағы "Қамқор тұтыну" ЖШС-не өткізген. Бұдан бөлек, «Шижаға-16» кооперативі құны 13,5 млн. теңге тұратын мал сою модулін сатып алу бағытында жұмыстар жүргізіп, келісімге келіп, аудандық жер қатынастары бөлімінен аукцион арқылы үстіміздегі жылдың 4 тамызында 1000 кв/метр жер телімін игеруге қол жеткізді. Бұл нәтижелерге қарап аз ғана уақыттың ішінде ауылшаруашылығы кооперативтерін құру ісі өзінің тиімділігін көрсетіп үлгергендігін байқауға болады.

Ұқсас жаңалықтар

11 қазан 2017, Сәрсенбі139
11 қазан 2017, Сәрсенбі139
11 қазан 2017, Сәрсенбі139
11 қазан 2017, Сәрсенбі139
11 қазан 2017, Сәрсенбі139
11 қазан 2017, Сәрсенбі139
11 қазан 2017, Сәрсенбі139
11 қазан 2017, Сәрсенбі139
11 қазан 2017, Сәрсенбі139
11 қазан 2017, Сәрсенбі139
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62