Бүгін: 13 желтоксан 2017 жыл, (17:23)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

АСЫЛ ҚАРИЯЛАР

09 қазан 2017, Дүйсенбі147

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету адамшылықтың ең жоғарғы  қасиеттерінің бірі. Қай халықтың  болмасын түпкі тамырында  үлкенді сыйлап, құрмет көрсету тереңде жатқан салт-дәстүрлерінің бір бөлшегі. Сол бір тамаша дәстүр бүгінгі күнге дейін  жалғасын тауып келеді.

Қашанда халықтың қазынасы саналатын қарттар күні яғни қазан айы  қарттар мен мүгедектерге  әлеуметтік қолдау  көрсету айы болып, бүгінде дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналып отыр.

Сарқылмас ақыл-парасат  пен  таусылмас мол өнеге-өсиеттің  шырағы  ақ сақалды  аталарымыз  бен  ақ  жаулықты  әжелеріміз  ешқашан  ел құрметінен тыс қалған емес. Мерейлі  мереке  қарсаңында   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Арал аудандық бөлімің ұжымы бірқатар қарияларымызды айтулы мерекесімен құттықтап, сый – сыйапатын табыстады. Өз кезегінде қарияларымыз, ұжымға алғысын білдіріп, еңбектеріне жеміс тілеп, ақ батасын берді.

«Қарты  бар  үйдің-қазынасы  бар»- деп  халқымыз  ежелден-ақ,  қарияларды  құрметттеп  бағалаған.  Жүздеріне   жылы  күлкі   ұялаған  қариялардың  алғыстарына  бөлену  біз  үшін  баға  жетпес  асыл  мұрамен  тең.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

09 қазан 2017, Дүйсенбі147
09 қазан 2017, Дүйсенбі147
09 қазан 2017, Дүйсенбі147
09 қазан 2017, Дүйсенбі147
09 қазан 2017, Дүйсенбі147
09 қазан 2017, Дүйсенбі147
09 қазан 2017, Дүйсенбі147
09 қазан 2017, Дүйсенбі147
09 қазан 2017, Дүйсенбі147
09 қазан 2017, Дүйсенбі147
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62