Бүгін: 20 қараша 2017 жыл, (19:23)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

АРАЛДА АРНАЙЫ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫНА ЖОЛ АШЫЛДЫ

06 қараша 2017, Дүйсенбі76

Мемлекет басшысы биылғы халыққа арнаған Жолдауында табысты өткен екі жаңғырудан кейін, алға батыл қадам жасап, Үшінші жаңғыруды бастау керектігін атап өтіп, осы тұста ең маңыздысы – бірінші басымдық ретінде жеделдетілген технологиялық жаңғырту екеніне айрықша тоқталған болатын. Осы ретте, цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияны өркендету – маңызды міндет екенін ескерсек, бүгінгі таңда осы жұмыстар жергілікті полиция қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге өз септігін тигізіп отыр. Олай дейтініміз, бүгін аудан әкімдігі мен аудан прокуратурасының ұсынысы жергілікті кәсіпкер, аудандық мәслихат хатшысы Ақыл Сәдуақасова тарапынан қолдау тапты. 
Нақтырақ айтқанда, белді кәсіпкер «Туған жер» арнайы жобасы аясында кіші «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі» жобасы енгізілген планшеттер мен принтер жиынтығын алуға қолдау танытты.
Бүгін, арнайы жүйеге қосылған құрылғыларды аудан әкімі М.Оразбаев аудандық ішкі істер бөліміне табыстап, жүйенің артықшылықтарына тоқталды. Жаңа жүйенің басты артықшылығы – әкімшілікті істерді рәсімдеуде уақыт үнемделеді. Мәселен, бүгінгі таңда бір хаттаманы қағазға жазып тұруға 15-20 минут кетсе, енді планшет арқылы 3-5 минутта толтыруға болады. Яғни, планшет құрылғысына құқық бұзушының ЖСН нөмірін енгізсе болғаны, барлық мәліметі база арқылы сайрап тұрады. 
Аталған жоба «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өту қажет. Сондай-ақ, келешекте, бұл планшеттердің санын көбейту көзделіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

06 қараша 2017, Дүйсенбі76
06 қараша 2017, Дүйсенбі76
06 қараша 2017, Дүйсенбі76
06 қараша 2017, Дүйсенбі76
06 қараша 2017, Дүйсенбі76
06 қараша 2017, Дүйсенбі76
06 қараша 2017, Дүйсенбі76
06 қараша 2017, Дүйсенбі76
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62