Бүгін: 20 қараша 2017 жыл, (19:23)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР - КҮН ТӘРТІБІНДЕ

06 қараша 2017, Дүйсенбі86

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен әкімдік және аппарат мәжілісінің күн тәртібінде өзекті деген алты мәселе талқыланды.
Аудан әкімі М.Оразбаевтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде ең алдымен аудандағы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы сөз болды. Аталған мәселе бойынша аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Дәрменов арнайы хабарлама жасап, мемлекеттік тіл саясатын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар легін тарқатып өтті. Осы ретте, аудан әкімі тіл саясатын жетілдіру мақсатында аудан көлеміндегі нысандардың, сауда орталықтарының маңдайшаларында, сонымен қатар нұсқаушы тақтайшаларда, тағы басқа орындарда міндетті түрде мемлекеттік тілде жазылған нұсқасы анық әрі талапқа сай жазылуын қадағалау керектігін ескертті.
Одан әрі, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Е.Жеткерұлы ауданның экономика салаларын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған жол картасымен 2017 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасаса, аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаев – 2017 аудан тұрғындарымен өткен есепті кездесуде көтерілген ұсыныс-пікірлердің орындалу барысына тоқталды. Айта кету керек, аталмыш есепті кездесу барысында жалпы 69 ұсыныс-пікірлер тіркелген болса, бүгінгі таңда тұрғындардың 54 сұранысы шешімін тапқан. Ал қалған ұсыныстардың нақты 12 -сі орындалу үстінде. 
Осылайша маңызды деген үш мәселені талқыға салған мәжіліс одан әрі аппарат мәжілісіне жалғасып, күн тәртібінде: аудандағы салық түсімдерінің жағдайы, 2018 жылдың I жартыжылдығына баспасөзге жазылу жұмыстары және 2017 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақырту жұмыстарының барысы тыңдалды. 
Жиын соңында, күн тәртібінде арнайы талқыға түскен әр мәселенің өзекті екенін баса айтқан аудан басшысы тиісті қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуын бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

06 қараша 2017, Дүйсенбі86
06 қараша 2017, Дүйсенбі86
06 қараша 2017, Дүйсенбі86
06 қараша 2017, Дүйсенбі86
06 қараша 2017, Дүйсенбі86
06 қараша 2017, Дүйсенбі86
06 қараша 2017, Дүйсенбі86
06 қараша 2017, Дүйсенбі86
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62