Бүгін: 20 қараша 2017 жыл, (19:22)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ» ЕРІМБЕТЖАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

04 қараша 2017, Сенбі55

Бүгін Ерімбетжаға елді мекені тұрғындары үшін ерекше қуанышты күн болды.
Ұлттық салт-дәстүр мен ата-ананы қастерлеуге баулитын, әлемдегі ең ізгі дін – ол Ислам діні. Осы дініміздің құндылықтарын дәріптейтін мешіт имандылықтың темірқазығына, жақсылықтың жаршысына айналуы тиіс. Осы ретте, Ерімбетжаға елді мекеніндегі жаңа мектеп ғимаратымен қатар, адамзат баласын ізгілікке бастар, рухани жол сілтеуші жаңа мешіт есігін айқара ашты. 
Мешітінің ашалу салтанатына аудан әкімі М.Оразбаев, «Нұр Отан" партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев арнайы қатысып,ауыл тұрғындарының ауызбіршілік танытып, асарлатып, бір кісідей атсалысуының нәтижесінде бой көтерген мешітке Құран кітабын табыс етіп, жамағатқа ақжарма тілегін жеткізді.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласы «Нұр» мешітінің имамы Үркімбаев Марат жиналған қауымға ізгі лебізін білдіріп, мешіттің салынуына ерекше үлес қосқан Қуандық Әлімқожаұлына арнайы «Алғыс хат» табыс етсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кішкене Айбосынов «Имандылық үйінің ашылуы – ауыл жастарының имандылыққа бет бұруы үшін жасалған игі қадам. Ауданымызда осындай маңызды шаралар жалғасын таба берсін»- деп, ауыл тұрғындарының қуанышының көбеюіне тілектестігін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

04 қараша 2017, Сенбі55
04 қараша 2017, Сенбі55
04 қараша 2017, Сенбі55
04 қараша 2017, Сенбі55
04 қараша 2017, Сенбі55
04 қараша 2017, Сенбі55
04 қараша 2017, Сенбі55
04 қараша 2017, Сенбі55
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62