Бүгін: 20 қараша 2017 жыл, (19:21)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

ЕРІМБЕТЖАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

04 қараша 2017, Сенбі53

Бүгін Ерімбетжағалық тұрғындардың, әсіресе, оқушылар мен ұстаздардың көптен күткен қуанышы жүзеге асып, елді мекеніндегі 20 орындық балабақшасымен 50 орындық №18 негізгі мектебінің жаңа ғимаратының құрылысы толықтай аяқталып, пайдалануға берілді. Қос қуанышы қатар өрбіген ауыл жұртшылығы бұл игі шараны ерекше атап өтті.
Ең алдымен, аталмыш шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан басшысы М.Оразбаев киелі Қарақұм өңірінен осындай әсем ғимараттың бой көтеруімен барша жиналған қауымды құттықтап, заман талабына сай жабдықталған жаңа мектепте оқушылар сапалы білім алады деген сенімін білдірді. 
Сонымен қатар, қос тойы қабат келген Ерімбетжағадағы игі шараға «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев және облыстық білім басқармасы басшысының бірінші орынбасары Бағдат Бердаулетовтар қатысып, ауыл халқын ортақ қуаныштарымен құттықтап, облыс әкімінің мектепке тарту еткен теледидарын табыстады. 
Айта кету керек, заманауи талапқа сай бұл мектеп ауданда апатты деп танылған алты мектептің бірі болатын. Қазіргі таңда жоспарланған мектептердің бесеуі халық игілігіне берілген болса, алдағы күндері Құланды елді мекеніндегі жаңа мектеп ғимаратының құрылысы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

04 қараша 2017, Сенбі53
04 қараша 2017, Сенбі53
04 қараша 2017, Сенбі53
04 қараша 2017, Сенбі53
04 қараша 2017, Сенбі53
04 қараша 2017, Сенбі53
04 қараша 2017, Сенбі53
04 қараша 2017, Сенбі53
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62