Бүгін: 20 қараша 2017 жыл, (19:25)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

ҚҰРМЕТТІ АРАЛ АУДАНЫНАН ШЫҚҚАН ТҮЛЕКТЕР, КӘСІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ЖЕРЛЕСТЕР!

13 қараша 2017, Дүйсенбі126

Өздеріңізге белгілі, Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. 
Осыған орай, елімізде «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында «Туған жерге тағзым» атты акциясы бастау алды. 
-Туған жер еш нәрсе жоқ, сенен ыстық,
Себебі, сенде туып, сенен ұштық, - демекші, Туған жердің әр түлегі қай жерде, қандай қызметте жүрсе де, атамекен - алтын бесігін бір сәт естен шығармай, оған мәңгілік қарыздармын деп есептейтіні сөзсіз. Өйткені, азамат бойындағы дарын, қабілет, тектілік сынды абзал қасиеттер ана сүті, әке қаны, туған жердің топырағынан дариды.
Ендеше, бұл акция «Туған елге тағзым ету парызым, туған жерге қызмет ету қарызым» дейтін жомарт жандар үшін игі бастама болғалы тұр. Туған жерге деген ыстық лебізімізді құр сөзбен емес, іспен дәлелдейтін кез келіп жеткен секілді.
Осы ретте, әрдайым жүректерініздің түкпірінде жататын, шет жүргенде сағынатын туған жерді көркейтуге, абаттандыруға, гүлдендіруге (туған ауыл, көше, мектеп т.б) патриоттық құлшыныспен үлес қосуға шақырамыз! Қандай да бір жоба қолдау табатынын білдіреміз. 
Жобаға қолдау білдірем деушілерге төмендегі телефон арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Арал ауданы әкіміні орынбасары Әбішев Еркін Жұмаханұлы: 8775-753-00-36.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Махмут Маратұлы: 8701-367-28-58.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғабиболатов Сұлтанбек Ғабиболатұлы: 8701-410-28-28.
Аудан әкімінің баспасөз хатшысы Ералиева Сая Серікқызы: 8775-251-57-57.

Ұқсас жаңалықтар

13 қараша 2017, Дүйсенбі126
13 қараша 2017, Дүйсенбі126
13 қараша 2017, Дүйсенбі126
13 қараша 2017, Дүйсенбі126
13 қараша 2017, Дүйсенбі126
13 қараша 2017, Дүйсенбі126
13 қараша 2017, Дүйсенбі126
13 қараша 2017, Дүйсенбі126
13 қараша 2017, Дүйсенбі126
13 қараша 2017, Дүйсенбі126
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62