Бүгін: 20 қараша 2017 жыл, (19:24)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

«ҚЫС-2017» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ДАЙЫНДЫҒЫ ӨТТІ

10 қараша 2017, Жұма50

Аралда Қызылорда облысы әкімінің нұсқаулығына сәйкес «Қыс – 2017» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. "Қыс-2017" оқу-жаттығу шарасы кезінде төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын 140 адамы мен 33 бірлік техникасы бар азаматтық қорғау қызметтері, ұйымдар мекемелер, кәсіпорындар және авариялық-құтқару қызметтерінің күш-құралдырының дайындығы тексеріліп, «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінде саптық қарау өткізілді. 
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары М.Мейірбеков оқу-жаттығу шарасына қатысушыларға арнайы әзірленген тапсырмалар беріп, дайындық деңгейін бақылады.
Мұнан соң, аудандағы су тасқыны кезінде су алу қауіпі бар Аманөткел ауылының дайындық барысы пысықталды. Белгілі болғандай, елді мекенде 1эвакуациялық жинақтау пункіті жұмыс жасайды. Төтенше жағдай орын алған жағдайда қажетті техникаларға 3 тонна дизель және 2 тонна жанармай қоры жасақталып, қауіпті тұстарды топырақпен нығайту жұмыстарына 12 мың дана қап, 1500 дана пашын, 2500 дана қамыс қорлары жинақталып, азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да қорлармен қамтамасыз етуге әріптестік меморандум жасалды. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы төтенше жағдайлардың алдын алуға жергілікті бюджеттен 39 121,0 мың теңге қаржы қаралды.

Ұқсас жаңалықтар

10 қараша 2017, Жұма50
10 қараша 2017, Жұма50
10 қараша 2017, Жұма50
10 қараша 2017, Жұма50
10 қараша 2017, Жұма50
10 қараша 2017, Жұма50
10 қараша 2017, Жұма50
10 қараша 2017, Жұма50
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62