Бүгін: 13 желтоксан 2017 жыл, (17:25)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

АРАЛДА «ЕР-АЙ» САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

30 қараша 2017, Бейсенбі51

Жалпы аудан көлемінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік нысандарының артуы қуантарлық жағдай. Осы ретте, бүгін Арал қаласында «Ер-Ай» сауда орталығы ашылды.
Сауда орталығының ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі: 
— Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында, ел экономикасына басты серпін беретін — шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыру мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Бұл бағытта, ауданымызда тұрғындарға жайлы да сапалы сауда орындарын ұсынып, қаламызда кәсіпкерлік нысандарының санын арттырып, жаңадан жұмыс орындарын ашып отырғаны үшін кәсіп иесіне алғысымды білдіремін және жаңа бастамаларыңызға табыс, кәсіптеріңізге береке тілеймін.- деді.
Сонымен қатар, сауда орталығының ашылу салтанатымен кәсіп иесін Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов пен аудан ақсақалы Ш.Дәрмағамбетов құттықтап, жиналған қала тұрғындарымен бірлесе сауда қатарларын аралап, жұмыс барысымен танысып шықты. 
Байқағанымыздай, жалпы құны 100,0 млн теңгені құрайтын «Ер-Ай» атты жаңа сауда орталығын ашып отырған жергілікті кәсіпкер Берік Жандаулетовке жұмыспен қамтылып отырған жандар да, тұтынушылар да дән риза. 
Себебі, сатылымындағы заттардың бағасы өзге сауда орындарынан 7-10 пайызға төмен. Сондай-ақ, сауда қатарларынан орын алып, өз кәсібін бастаған сатушыларды орталық иесі қажетті заттармен қамтамасыз етуде, әрі екі ай бойы жалдама ақысын алмайды. Сауда орталығының әкімшілігінің айтуынша бұл нысанда азық-түліктің бағасының тұрақтылығын сақтау үшін арнайы қоймалар салынып, онда жеткілікті мөлшердегі өнімдер сақтаулы.

Ұқсас жаңалықтар

30 қараша 2017, Бейсенбі51
30 қараша 2017, Бейсенбі51
30 қараша 2017, Бейсенбі51
30 қараша 2017, Бейсенбі51
30 қараша 2017, Бейсенбі51
30 қараша 2017, Бейсенбі51
30 қараша 2017, Бейсенбі51
30 қараша 2017, Бейсенбі51
30 қараша 2017, Бейсенбі51
30 қараша 2017, Бейсенбі51
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62