Бүгін: 13 желтоксан 2017 жыл, (17:25)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕКЕТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

01 желтоқсан 2017, Жұма78

Ұлт денсаулығы – жарқын болашағымыздың негізі. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев айқындап берген Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыруда негізгі басымдылық – ол тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту. Бүгінде бұл жоспар еліміздің медицина саласын дамытуға оң әсерін тигізіп отыр.
Осы орайда бүгін ауданға қарасты Қосжар ауылдық округінде тағы бір медициналық бекеттің ашылу рәсімі өтті. Жаңа әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, «Биыл еліміз айтулы мереке – Тұңғыш Президент күнін бесінші мәрте мерекелеуде. Осы ретте, біздер бесінші рет мерекеленіп отырған Президент күніне орай аудан көлемінде ел игілігіне бағытталған бес бірдей жаңа нысанды іске қостық. Бұл көрсеткіштер, әрине, ең бірінші еліміздегі Елбасының жүргізіп отырған сарабдал саясатының нәтижесі деп білемін»,- деді. Мұнан соң, Арал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Садықбаев пен ауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Аймырзаев көпшілікті қуанышымен құттықтап, іргелі істерге ұйытқы болып жүрген ел азаматтарына алғысын білдірді.
Заманауи талаптарға сай бой көтерген бұл нысан елді мекендегі 600-ге жуық жанға сапалы медициналық қызмет көрсететін болады. Жаңа әрі қолайлы, қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған медициналық бекеттің ашылғанына тұрғындар да дән риза.

Ұқсас жаңалықтар

01 желтоқсан 2017, Жұма78
01 желтоқсан 2017, Жұма78
01 желтоқсан 2017, Жұма78
01 желтоқсан 2017, Жұма78
01 желтоқсан 2017, Жұма78
01 желтоқсан 2017, Жұма78
01 желтоқсан 2017, Жұма78
01 желтоқсан 2017, Жұма78
01 желтоқсан 2017, Жұма78
01 желтоқсан 2017, Жұма78
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62