Бүгін: 13 желтоксан 2017 жыл, (17:25)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

30 қараша 2017, Бейсенбі54

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен-Қазақстан халқы тарихи таңдау жасаған күнмен құттықтаймын! 
Бұл күні біз жаңа мемлекеттің жарқын болашағы үшін, қоғамдағы татулық пен бірлік үшін өзіне асқан зор жауапкершілік алған Ұлт көшбасшысын сайладық. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев шын мәнінде, халық ішінен шыққан көшбасшы ретінде өзінің өлшеусіз еңбегімен еліне деген адалдықтың биік үлгісін көрсетті. Әлемдік саясатта да орны бөлек тұлға екені халықаралық деңгейде мойындалды. Қазақстанды нығайту мен дамытудағы ширек ғасырдан астам уақыт Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен елімізді өрлеу жолына бастады. Төрткүл дүние көз тіккен халықаралық «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін абыроймен өткеріп, жаһан назарын Астанаға аударған Елбасының өлшеусіз еңбегі әлемдік деңгейдегі саясаткерлер тарапынан оң бағаланды. Ұлы дала елін өркениеттің көшіне бастайтын бағытты айқындап, ұлт руханиятын жаң биікке көтерген «Рухани жаңғыруға» жарқын жол ашылды.
Қадірлі ағайын!
Сыр өңірі, оның ішінде Арал аймағы Президентіміздің ұдайы назарында болғандықтан, жыл сайын жаңа өзгерістермен өркендеп келеді. «САРАТС-1» жобасының нәтижесі – Елбасымыздың Арал өңірі тұрғындарына деген шынайы қамқорлығының көрінісі. Бүгінде ғасыр жобасы өзінің тиімділігін дәлелдеп, ата кәсібіміз жандана бастады.
Мемлекет қайраткері, өз халқының адал перзенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың орасан зор таланты мен саяси ерік-жігерін арнаған бірлігіміз баянды болып, еліміз дамудың жаңа белестеріне көтерілсін деп тілеймін. Денсаулықтарыңыз зор, еңбектеріңіз өнімді, табыстарыңыз мол болсын!

Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев.

Ұқсас жаңалықтар

30 қараша 2017, Бейсенбі54
30 қараша 2017, Бейсенбі54
30 қараша 2017, Бейсенбі54
30 қараша 2017, Бейсенбі54
30 қараша 2017, Бейсенбі54
30 қараша 2017, Бейсенбі54
30 қараша 2017, Бейсенбі54
30 қараша 2017, Бейсенбі54
30 қараша 2017, Бейсенбі54
30 қараша 2017, Бейсенбі54
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62