Бүгін: 13 желтоксан 2017 жыл, (17:25)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

ЕЛБАСЫ МҰРАТЫ – ЕЛ БАҚЫТЫ

30 қараша 2017, Бейсенбі39

Бүгін Арал ауданы 1-желтоқсан - Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өтті.
Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар берген, елімізді жер-жаһанға танытып, бүгінгідей біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда – Елбасының еңбегі ұшан-теңіз.
Бүгінде жалпыхалықтық мерекеге айналып үлгерген айтулы күн қарсаңында аудан жұртшылығы зор қуанышқа бөленді. Нақтырақ айтқанда, бүгін Арал ауданында үш бірдей жаңа нысан пайдалануға беріліп, кешқұрым аралдық ағайын аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Елбасы мұраты – Ел бақыты» атты салтанатты шараны тамашалады.
Салтанатты шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жиналған қауымды мерекемен құттықтап, «Елбасының тікелей қамқорлығындағы осынау тарихи өлкеміз жыл санап өсіп, өркендеп келеді. Аудан орталығында, шалғай елді мекендерде заманауи білім ошақтары, медицина мекемелері, мәдениет орталықтары жыл санап көбейіп, биылдың өзінде 6 елді мекен сапалы ауыз суға қол жеткізіп, ауданымызда апатты жағдайдағы мектептерді жою түбегейлі шешімін тапты. Бірер күндерден соң біздер соңғы мектепті пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз»,- деп, Елбасының сындарлы саясатымен әлемге танылған еліміздің толымды жетістіктеріне тоқталды.
Одан әрі, мерекелік шара аясында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор иеңгерушісі Алдамжар Жаймақов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің «Әлеуметтік – еңбек саласының үздігі» медалімен және аудандағы түрлі саланың 11 қызметкері аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Еліміз үшін елеулі мереке одан әрі аудан өнерпаздарының мерекелік коцертіне ұласты.

Ұқсас жаңалықтар

30 қараша 2017, Бейсенбі39
30 қараша 2017, Бейсенбі39
30 қараша 2017, Бейсенбі39
30 қараша 2017, Бейсенбі39
30 қараша 2017, Бейсенбі39
30 қараша 2017, Бейсенбі39
30 қараша 2017, Бейсенбі39
30 қараша 2017, Бейсенбі39
30 қараша 2017, Бейсенбі39
30 қараша 2017, Бейсенбі39
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62