Бүгін: 17 шілде 2018 жыл, (03:43)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АРАЛДЫҚТАР ЖАҢА ЖЫЛДЫ ҚАРСЫ АЛДЫ

31 желтоқсан 2017, Жексенбі216

Жаңа 2018 жылды Арал ауданының жұртшылығы да шат-шадыман көңіл-күйде қарсы алды.

Елімізде өткен ғасырдан бастау алған бұл мереке бүгінде дәстүрге айналып, аралдықтар орталық алаңға жиналып, қуаныштарымен бөлісті. Мерейлі мерекеге орай аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.

Шаттыққа толы мерекеге аудан басшысы М.Оразбаев та қатысып, аудан тұрғындары мен қонақтарын ең ғажайып мерекемен құттықтады. Аудан әкімі өз сөзінде, «Өткен 2017 жыл ауданымыз бен еліміз үшін жарқын істер мен оқиғаларға, жетістіктер мен үлкен табыстарға толы болды.

Жерлестеріміздің табанды еңбегінің нәтижесінде алдымызға қойылған негізгі жоспарлар орындалды. Жаңа 2018 жыл да өңіріміз үшін табысқа толы, мерекелі-берекелі жыл болады деген сенімдемін»-деп, ақ тілегі мен алғысын білдірді.

Ауа райының салқындығына қарамастан жаңа жылды алаңда қарсы алғандардың қарасы қалың. Олар биыл да қызылды-жасылды түске боялып, айналаны мерекелік көңіл-күйге бөлеген мерекелік отшашуға куә болып, кей тұрғындар бұл сәтті суретке түсіруге асықты. Қалай болғанда да теңіз төскейіндегі жұртшылық ит жылын сән-салтанатымен қарсы алды

Ұқсас жаңалықтар

31 желтоқсан 2017, Жексенбі216
31 желтоқсан 2017, Жексенбі216
31 желтоқсан 2017, Жексенбі216
31 желтоқсан 2017, Жексенбі216
31 желтоқсан 2017, Жексенбі216
31 желтоқсан 2017, Жексенбі216
31 желтоқсан 2017, Жексенбі216
31 желтоқсан 2017, Жексенбі216
31 желтоқсан 2017, Жексенбі216
31 желтоқсан 2017, Жексенбі216
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62